• Ср. Май 15th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО прокурорлары 9 айдың жұмысын қорытындылады

Автор:REVIZORRO

Окт 26, 2019

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында 2019 жылғы 9 айдың жұмыс қорытындылары талқыланған жедел кеңес өтті.

Әлеуметтік экономикалық салада прокурорлармен 386 мың азаматтың құқығы қорғалғаны, 216 тұлғаның жауапкершілікке тартылғаны, 1 нормативтік-құқықтық актінің күшін жойылғаны, 735 млн. теңге бюджетке қайтарылғаны және құны 1,3, млрд. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылғаны аталды.

Біздің экономикалық саладағы тексеруіміздің нәтижесінде Орал қ. 1500 орынға арналған тергеу изоляторын салу кезінде 1,4 млрд. теңгені жымқыру фактісі анықталып, қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергелді.

2019 жылғы 4 қазандағы сот үкімімен ҚАЖК-нің бірінші орынбасары Б.Төремұратов, «Бура Строй» ЖШС-нің директоры С.Барабошко және «Мемсараптама» РКМ бас сарапшысы Б.Сергазина ҚК 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық), 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық), 280-бабының 1-бөлігі (сараптамалық жұмысты тиісінше орындамау) бойынша айыпталып, келтірілген залал өндіріле отырып, әртүрлі жазаға тартылды.

Сот үкімі Қазақстанда сараптама жұмыстарын тиісінше орындамағаны үшін сарапшыны қылмыстық жауапкершілікке тарту бірінші рет екендігін атап өткен жөн.

«№5 қалалық емхана» МКҚК-ның лауазымды тұлғаларының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық өнімдерді сатып алу кезінде «Dar-Din» ЖШС-мен алдын ала сөз байласып, 19 млн. теңгені жымқыру схемасы анықталды.

Тапсырыс берушімен сатып алудың барлық кезеңдерінде, яғни тауардың құнын қалыптастырудан бастап конкурсты ұйымдастыру кезеңдерінде бұзушылықтарға жол берілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тиімділігін қамтамасыз ету нәтижесінде, келтірілген залал толық көлемде өндіріліп, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Ден қою шаралары мен Үйлестіру кеңесін өткізудің арқасында қылмыстар 11% (8388-ден 7442-ке дейін), сондай-ақ кісі өлтіру 18% (29-дан 24-ке дейін) азайды.

Электрондық форматта 3722 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл 38,7% құрады, 553 сотқа жіберілді. Республика бойынша бірінші орындамыз.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 3 есеге төмендетілді (242-ден 162-ге дейін).

Ұлттық алдын алу тетігімен сотталғандарды бірлесіп қабылдау, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде режимді бұзу (223-тен 180-ге) азайды.

Қабылданған үйлестіру шаралары колонияға 11 кәсіпкерді (102 жұмыс орнын қамтамасыз етті) тартуға, сондай-ақ «Еңбек» РМК-ні мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қадағалау актісімен жазалардың орындалуы саласында жүйелі түрде бұзушылықтарға жол бергені үшін ҚАЖД-нің бастығы Д.В. Кобцев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Бас прокуратурамен қолдау тапқан ұстап беру туралы сұрауларымыз бойынша шет мемлекеттермен іздеудегі облысымыздың 3 азаматы (ұрлық, зорлауға оқталу, шет мемлекеттегі қарулы дауларға қатысуға дайындалу) беріліп, олар қылмыстары үшін жазаларын алды.

Атқарушылық өндіріс бойынша мемлекет пайдасына берешек соммасы 66 % (15 млдр-тан 5 млрд-қа дейін) азайды.

Прокурорлармен 4037 азамат қабылданды. Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 007 адам келді, барлығына заңнамалар түсіндіріліп, арыздар жазуға көмек көрсетілді. 12 азаматтан алғыс айтылған хаттар келіп түсті.

Кеңес соңында қала, аудан прокурорларына өңірде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.

Бауыржан Закиұлы Ахметжан

БҚО прокурорының аға көмекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?